Елімізде баланың қайда жүргенін анықтауға мүмкіндік беретін «Тап мені» жүйесі іске қосылады. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтты.
«Тап мені» – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жүйе. Ол – Bluetooth желісінде жұмыс істейтін трекерлерді мониторингілейтін мобильді қосымша. Қосымша ата-аналардың смартфонына орнатылады. Ал трекерді баланың киіміне немесе мектеп сөмкесіне жапсырып қоюға болады. Баламен байланыс жоғалған жағдайда ата-аналары қосымшаның трекер шамшырағын іздеу режимін қосады. Сонымен қатар жүйе Жедел басқару орталығымен байланыстырылған. Демек, баланы іздеу туралы дабыл автоматты түрде полицияға да түседі», - деді Нұрділдә Ораз.