Ресейлік арна Денис Тен жайлы кино түсірді
Ресейлік арна Денис Тен жайлы кино түсірді

13 бөлімнен тұратын «Денис Тен. Он үш» фильмінде жақындарының естелігі жинақталған.

Олардың арасында мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Алексей Ягудин, ауыр атлетикадан әлемнің төрт дүркін чемпионы Илья Ильин, бірінші жаттықтырушы Айгүл Қуанышева, Мәскеудегі жаттықтырушы Елена Водорезова және басқалар бар.

Киноның тұсауы ресейлік Maтч ТВ арнасында кесілді. Оның авторы – Matchtv.ru-дың шолушысы Константин Столбовский мен танымал қазақстандық спорт журналисті Сергей Райлян. Қызығы, Константин Столбовский Алматыда туып-өскен екен.

Еске алар жайт, Денис Тен былтыр 15 шілдеде Алматыда қаза болған. Ол 2014 жылы Олимпиаданың қола жүлдесін, 2013 жылғы әлем чемпионатының күміс және 2015 жылғы Әлем кубогының қола жүлдегері атанды.

https://youtu.be/nlUvM7ZxBv0