Әйелді ішінен тепкен ОМОН сарбазының кім екені белгілі болды
Әйелді ішінен тепкен ОМОН сарбазының кім екені белгілі болды
151
оқылды

Сенбі күні Ресейдің бірнеше қаласында жаппай ереуілдер өтіп, халық оппозиционер Навальныйға қолдау білдірді.

Санкт-Петербург қаласында өткен сондай шерудің бірінде ОМОН сарбазы қарсы алдында кездескен егде әйелді еш себепсіз іштен бір теуіп құлатты. Әйел баспен асфальтқа оңбай құлайды. Бұл оқиға видеоға түсіп, дем арасында әлеуметтік желілерге тарап кетеді. Халықтың ызасын тудырған ОМОН сарбазының әрекеті жауапсыз қалмады.

https://youtu.be/Ft87Wo6jAtU Ауыр жарақатпен ауруханаға түскен Маргарита Юдинадан кешірім сұрау үшін сарбаздың өзі келді. Қолында гүлі бар сарбаз істеген ісі үшін өкінетінін жеткізді. Бұл видеоны «Mash на Мойке» Telegram-каналы жариялады. – Сізден кешірім сұраймын. Мен үшін ол күн ауыр болды. Оқиға болардан 5 минут бұрын көзіме бәзбіреулер газ шашып кетті. Көзім дұрыс көрмей қалды. Не болып жатқанын түсінбедім. Кейін естігенде қатты өкіндім, – деді сарбаз. https://youtu.be/Qtgu-Q9G-P4 Жәбірленуші әйел гүлді қабыл алып, өзінің аман екенін, ештеңе етпейтінін жеткізді. Сондай-ақ Санкт-Петербургтегі қоғамдық тәртіпті қорғауды ұйымдастыру және атқарушы органдармен өзара іс-қимыл бөлімінің бастығы Сергей Музыка да әйел адамнан кешірім сұрады. Маргарита Юдина 24 қаңтар күні кешке ауруханадан шықты. Алайда РИА Новости сол күні күндіз ғана Маргаританың жағдайы ауыр екенін хабарлаған болатын.