Нұр-Сұлтандағы жаңа жылдық шырша өткен жылмен салыстырғанда бір сатыға түскен. Бұл жайында TurStat порталы мәлімдеді.
Биылғы ең биік шырша Ашхабадта болды. Оның биіктігі – 40 м, Ереванда – 37 м және Ташкентте – 36 метр. Міне, алғашқы үштікте осылар тұр. Ал Нұр-Сұлтандағы бас шыршаның биіктігі – 25 м. Үздік ондықты жапқан – Кишинев болды. Оның биіктігі – 20 метр.
Ал біздің еліміздің басты жаңа жылдық шыршасы 20 желтоқсанда ЭКСПО көрмесінде жағылды.