Қасқырлар 50-ден астам жылқыны жайратып салған
Қасқырлар 50-ден астам жылқыны жайратып салған
5,124
оқылды

Қыс түскелі Қарағанды облысында қасқырлардың малға, ауылға шабуы көбейіп кеткен. Бір облыстың өзінде қасқырлар 50-ден астап жылқыны жайрап салған.

«Олар көбіне түнде жайылады. Ал түнде біз оларға бара алмаймыз. Себебі, өмірімізге қауіпті. Таңертең жайылымға шыққанда жылқылардың сүйектері жатқанын байқаймыз. Мәселен, көрші ауылдың өзінде бір жылқыны тапа-тал түсте жол бойында талап тастаған. Шыны керек, мұндай жағдай соңғы 15 жыл ішінде болған емес. Онда да жылына 1-2 жылқы жоғалтатынбыз. Бірақ үйірімен айырылған емеспіз», - дейді Ақжар тұрғыны Мереке Дүйсембаев.

Жергілікті тұрғындардың мәлімдеуінше, қазір адамдар сақтық үшін қаруды түнде ғана емес, күндіз де алып жүретін болған. Ал балаларды сабақтан кейін үлкендер  алып қайтатын болған.