Нұр-Сұлтан мен еліміздің 11 облысында жол жабық
Нұр-Сұлтан мен еліміздің 11 облысында жол жабық
Фото: Интернеттен алынды
411
оқылды
«Қазавтожолдың» хабарлауынша,​ ауа райының қолайсыздығына байланысты Нұр-Сұлтан мен еліміздің 11 облысында жолдар жабық. Дереккөздің айтуынша, Нұр-Сұлтан қаласында барлық көлік түрлері бойынша барлық бағыттарға жол жабық.
Сондай-ақ, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Жамбыл, Түркістан облыстарында жолдар ішінара жабылды.
Айта кетейік, жолдағы ауа райына байланысты шектеулерге қатысты толық мәліметті мына сілтемеден білуге болады.