Екі баласын аязда тастап кеткен ана табылды
Екі баласын аязда тастап кеткен ана табылды
147
оқылды

Оның бір жастан асқан қызы мен 9 жастағы ұлы суықтап, ауруханаға түскен.

Өскеменде полицейлер суықтап түскен екі баланың анасын тапты. Ол жергілікті бау-бақша қоғамы үйлерінің бірінде тұрады екен. Ол тіпті өзін полицейлер іздеп келгеніне таңданбады.

https://youtu.be/UuXdK525mCM

Оның айтуынша, ол балаларды еш уақытта ұрмаған, олардың алдында ішімдік ішіп, шылым шекпеген. Екі баласын ол емес, көршісі далаға қуып жіберген екен. Ол сол кезде балаларын сол үйге тастап кетіпті.

Ал балаларының жоғалғанын есін жиып, мастығынан айыққанда білген. Онда да олардың ауруханаға түскені жайында жаңалықтардан хабарлап, ұлының үйіне оралуына қорқатынын естіген. Сөйтіп, полицеймен әңгімелесе келе Елена балаларын балалар үйіне жіберуге келіскен.

– Бұлар «бала тәрбиелеу міндеттерін орындамайтын ата-ана» санатына тіркелді. Сонымен қатар, ол балаларды қауіпті жағдайға қалдырғандықтан, қылмыстық іс қозғалды, – дейді жергілікті полиция қызметінің арнайы аға инспекторы Әйгерім Бейсембаева.

Полицияның мәлімдеуінше, балаларға зорлық-зомбылық фактісі расталмаған. Бірақ үй 9 жастағы Данил мен оның бір жастан асқан қарындасы өмір сүретін қолайлы жағдай емес. Сондықтан полицейлер Еленаны ата-аналық құқығынан айыру үшін құжаттар жинауда.