Жамбылдан 24 отбасы солтүстікке көшті
Жамбылдан 24 отбасы солтүстікке көшті
163
оқылды
Жамбыл облысы  Байзақ ауданы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» арқылы 24 отбасы солтүстікке көшті.  Бұл бастаманың  басты мақсаты – жұмыс күшін толықтыру. Яғни, оңтүстіктен солтүстікке көш түзеген отбасылар онда  жұмыспен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ оларға  баспана беріліп, 1 жылға дейін мемлекет тарапынан пәтерақысы төленеді. Одан бөлек ондағы билік балабақша мен мектепке орналасуға жәрдемдеседі. Әр отбасы мүшесіне көшуге қайтарымсыз көтерме ақша  2020 жылы 97 230 теңге есептелінсе, 2021 жылы 204 190 теңге беріледі.  

Саятхан Сатылған,

Жамбыл облысы