92 қыз-келіншек әлеуметтік желідегі жігітке алданып қалды
92 қыз-келіншек әлеуметтік желідегі жігітке алданып қалды
850
оқылды
Павлодарда жігіт Instagram-да жалған парақша арқылы қыздармен танысып, оларды алдаған, - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.  
"Жігіт анасын емдеуге қаражат керек екенін, оны аудару үшін қыздардан банктегі есепшоттары мен жеке деректерін беруін сұраған. Содан соң сол қыздардың атынан онлайн-несие рәсімдеген. Осындай жолмен 92 қазақстандықты алдап соққан", - делінген хабарламада.
  Сот оны 3,6 жылға бас бостандығынан айыру, сондай-ақ мәжбүрлі түрде 100 сағатқа жұмысқа жегу туралы үкім шығарды.