Шымкенттік жігіт 22 адамды алдап, онлайн-несие жасаған
Шымкенттік жігіт 22 адамды алдап, онлайн-несие жасаған
116
оқылды

Ол әрқайсысының атынан 80 мыңнан 100 мың теңгеге дейін несие алған.

25 жастағы шымкенттік алаяқтар Семей тұрғындарына онлайн-несие жасаған. Ұсталған күдіктінің 22 алаяқтық іске қатысы бар болып шықты.

Ол әлеуметтік желіде жұмысқа адам алатыны жайында хабарландыру жариялап, хабарласқандардан құжатының көшірмесін жіберуін сұраған. Міне, сол мәліметтермен онлайн-несие толтырған.

«Әрбір жәбірленушіге ол 80-ден 100 мың теңгеге дейін несие алған. Әзірге зардап шеккен 22 адам ғана хабарласты. Бірақ алданғандар одан да көп секілді. Өйткені ол несиені еліміз бойынша алған. Қазір басқа облыстардан да адамдар хабарласуда», - дейді қылмыстың бөлімнің қызметкері Рустам Айтенов.

Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторында.

Айта кетерлігі, жыл басынан бері Семейде 527 алаяқтық фактісі тіркелген. Оның 215-і интернет арқылы жасалған екен.