Нұр-Сұлтанда және өзге 7 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтанда және өзге 7 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
«Қазгидромет» РМК ауа райының нашарлауына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады 26 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласында жаяу бұрқасын, көктайғақ болжанады. Атырау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, оның күші 15-20 м/с артуы ықтимал. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман болады. 26 қаңтарда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Солтүстік шығыстан жел соғады, күші күндіз 15-20 м/с жетеді. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.    Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын болжанады. Күндіз жекелеген аумақтарда көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с артуы ықтимал. Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші күндіз 15-20 м/с жетеді.