«Сергекті» алдамақ болған
«Сергекті» алдамақ болған

Алматыда жол талғамайтын көліктің жүргізушісі «Сергекті» алдамақ болыпты. 35 жастағы азамат жол қозғалысы ережесін бұза отырып, жазадан құтылу үшін көліктің алдыңғы  нөмірін аударып отырған.

«Сергек» автомат­тан­ды­­­рылған жүйесіне мониторинг жүр­гізу кезінде алдыңғы нөміріне нөмір аударатын механикалық жабдық орнатып алған. Сөйтіп, жол қозғалысы ережесін бұзып жүрген. Ол өз көлігінің мемле­­кеттік нөмірін жасыру арқылы жол қозғалысы ережесін бұзды, демек ол жол қозғалысының басқа қатысушыларына қасақана қауіп төндірді. Бұл жерде еш­қандай сылтау болуы мүмкін емес. Жол ережесін бұзушы ұс­талып, әкімшілік заңнамаға сәй­кес жауапкершілікке тар­тылды. Ол бір жыл мерзімге кө­лік құралын басқару құқы­­ғынан айырылды, сондай-ақ оған 20 АЕК көлемінде айыппұл төлеуге тура келді», – дейді Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жандос Мұраталиев. Ал мемлекеттік тіркеу нөмір­лік белгісін жасыруға арналған әртүрлі қондырғылар мен жалған нөмірлерді орнату жол қозғалысы ережесін қасақана бұзу болып есептеледі.

Ж. НҰРЛАН