Жабайы аңды пайдаланудан бас тартты
Жабайы аңды пайдаланудан бас тартты
108
оқылды

Шымкент қаласының циркі енді нөмірлерінде аңды пай­далан­байтын болды. Тәжірибе­лік жоба наурыз айынан бастап көрсетіледі.

«Шымкент-цирк» жаңа бағдар­ламасын Instagram желісіндегі па­рақ­шасы арқылы көрерменге та­ныстырды. Цирк өкілдерінің сөзіне қарағанда, әлемнің 45-тен аса елін­де циркте жабайы аңды пай­далануға толық тыйым салынған. Олар клоунада және шапито, шабандоздық және каскадерлік, жонглерлік ету және эквили­бристика, әуе гимнастары арқылы өнер көрсететін болады. Шымкенттіктер жаңа бағдар­ламасын Наурыз мерекесі қар­саңына жоспарлап отыр. Ол қазақ балуаны және цирк әртісі Қажы­мұқан Мұңайтпасұлының 150 жыл­дығына арнайы өткізілгелі отыр. Цирк әртістері  «Дю Солей» циркі­нің үздік әдістемелерін пайдалана отырып, ұлттық колоритті сақтаған жаңа бағдарламаны ұсынбақ.

Г.БЕКЗАТ