«Шыңырау» Болгарияға кетті
«Шыңырау» Болгарияға кетті
140
оқылды

Мәдениет және спорт ми­нистрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақ­фильм»  АҚ түсірген «Шыңы­рау» көркем фильмі қаңтардың 15-і мен 31-і аралығында Бол­гарияның астанасы София қала­сында өтіп жатқан 13-ші халықаралық кинофести­вальге (Sofia MENAR Film Festival) қатысып жатыр.

Естеріңізге сала кетсек, Әбіш Кекілбаевтың «Шыңырау» повесі желісі бойынша түсірілген кар­ти­на құдық қазушы Еңсептің оқи­ғасын баяндай отырып, мен­мендік, бақталастық, махаббат, достық, қастандық сияқты адам­ға тән құбылыстарды кө­тереді. Фильмнің режиссері – Жаңабек Жетіруов. – 2018 жылы жарыққа шық­қан фильмнің төрт жыл қатары­нан халықаралық кино­фести­валь­дерге қатысуы өте сирек болатын жағдай. Бұл әри­не, қазақ прозасының  ең шоқ­тығы биік туындысы саналатын. Ә.Кекілбаевтың «Шы­ңы­рау»  повесіндегі ешкімді жай­барақат қалдырмайтын ға­ламат  идеяны көркемдеп экранға шығару үшін тер төккен түсіру тобының жемісті еңбегінің арқасында жүзеге асып отырған жетістік деп ойлаймын, – деді режиссер Жаңабек Жетіруов. Фильмнің түсірілімі Маң­ғыстау облысында өтті. Кар­тинада басты рөлді  Асылхан Төлепов, Алдабек Шалбаев және Айжан Жетіру сомдады. 2009 жылы негізі қаланған Бал­қан аймағындағы ең ірі бай­қаулардың бірі – Sofia MENAR Film Festival кинофестивалі жыл сайын өз көрермендеріне кино­герлер шығармашылығында бей­неленген ислам әлемінің мәде­ниеті және дәстүрімен таныс­тырып отырады. Фестиваль шең­берінде Таяу Шығыс, Орталық Азия жән Солтүстік Африка мемлекеттерінің ең үздік көркем,  деректі және қысқаметражды туындылары көрсетіледі. Айта кетсек, биылғы фес­тиваль­дің конкурстық бағдар­лама­сында ұсынылған 13 фильм­нің ішінде Әзиз Зайыров және Мұхамед Мамырбеков түсірген «Қыз бен теңіз» фильмі де бар.

Г. БЕКЗАТ