Бейнебайланыс форматында өткен қабылдау
Бейнебайланыс форматында өткен қабылдау
121
оқылды

«Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының төра­­ғасы, облыс әкімі Ғали Есқалиев онлайн форматта азаматтарды қабылдады.

Тұрғындарды қабылдау бейнебай­̆ланыс форматында өтті. Оған Орал қаласының және аудан әкімдері, об­лыс­тық басқарма басшылары қа­тысты. Қабылдау барысында өңір тұр­ғын­дары жұмысқа орналастыру, құқықтық сипаттағы мәселенi, сон­дай-ақ тұрғын үй мәселесін көтерді. Облыс әкімі әр мәселені егжей-тег­жейлі қарап шығып, қала және бас­қарма басшылығына өтініш біл­діргендерге заңнамаға және қолда­ныстағы мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес жан-жақты қолдау көрсетуді тапсырды. Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысы әкімінің қабылдауына жа­зылу үшін тұрғындарға 8 (7112) 24-20-36, 24-20-57, 24-20-51 нөмірлері бо­йын­ша қоңырау шалу керек. Қабыл­дауға тіркеу сағат 15.00-18.00-ге дейін жүргізіледі.

Әбілмансұр ЖАСАН