«Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Ғали Есқалиев онлайн форматта азаматтарды қабылдады.
Тұрғындарды қабылдау бейнебай̆ланыс форматында өтті. Оған Орал қаласының және аудан әкімдері, облыстық басқарма басшылары қатысты. Қабылдау барысында өңір тұрғындары жұмысқа орналастыру, құқықтық сипаттағы мәселенi, сондай-ақ тұрғын үй мәселесін көтерді. Облыс әкімі әр мәселені егжей-тегжейлі қарап шығып, қала және басқарма басшылығына өтініш білдіргендерге заңнамаға және қолданыстағы мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес жан-жақты қолдау көрсетуді тапсырды. Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысы әкімінің қабылдауына жазылу үшін тұрғындарға 8 (7112) 24-20-36, 24-20-57, 24-20-51 нөмірлері бойынша қоңырау шалу керек. Қабылдауға тіркеу сағат 15.00-18.00-ге дейін жүргізіледі.Әбілмансұр ЖАСАН