Көлікті мобильді қосымша арқылы тіркеуге болады
Көлікті мобильді қосымша арқылы тіркеуге болады
127
оқылды

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Facebook-тағы парақшасында жазды.

Оның айтуынша, автокөлікті мобильді қосымша арқылы тіркеу көлік иелерін қағазбастылықтан арылтады. Олар уақытын үнемдейді. «Мамандандырылған ХҚКО-да ұзынсонар кезектен қалай құтылуға болатынын ұзақ ойландым.  Жалғыз шешімі – бұл қызметті онлайн форматқа ауыстыру керек екенін түсіндім. Мұны eGov-тан қарап, өзім көлікті онлайн режимде қайта тіркеп көрдім. Кеңесшінің көмегімен екі сағатта көлікті онлайн қызметті пайдалана отырып, қайта тіркеуге болатынына көзім жетті. Сондықтан ІІМ процесті толығымен қайта қарауды және осы қызметті Kaspi.kz, Homebank, Сбербанк және басқа да банктердің сервистеріне шығаруды ұсындым.

«ҰАТ» АҚ, ІІМ ӘПК төрт айға жуық қызметті толық жетілдіріп, Ішкі істер министрімен Кaspi.kz мобильді қосымша арқылы автокөлікті қайта тіркеу қызметін ресми түрде іске қостық.

Енді көлікті қайта рәсімдеу үшін мамандандырылған ХҚКО-ға барудың қажеттілігі жоқ. Кaspi.kz қосымшасындағы мемлекеттік қызметтер бөлімінде автокөлікті рәсімдеуге болады», – деді Бағдат Мусин.   [caption id="attachment_105965" align="aligncenter" width="960"]Мусин, көлік Фото: Б.Мусиннің Facebook-тағы парақшасынан алынды[/caption] Бағдат Мусин жобаны Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевпен талқылады.

Мобильді қосымшаның функцияларын жетілдіру, қызмет сапасын арттыру үшін кейбір ұсыныстар қайта қаралады.