Путин оппозиция жетекшісі Алексей Навальныйдың «Путин сарайына» қатысты пікір білдірді
Путин оппозиция жетекшісі Алексей Навальныйдың «Путин сарайына» қатысты пікір білдірді
375
оқылды

РИА Новостидің жазуынша, сарай туралы Путин студенттермен кездесуінде айтты.

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, өзі фильмді («Путин сарайы»ред.) бастан-аяқ көрмеген. Дегенмен, көмекшілері әкелген видеоның үзінділерін қарап шыққан.

«Фильмде менің меншігімдегі дүние-мүлік ретінде көрсетілгеннің бәрі маған да, менің жақын туысқандарыма да тиесілі емес. Ешқашан тиесілі болған емес, ешқашан болмайды», – деді Владимир Путин.

  https://youtu.be/71DXzFFVViY Ресей президенті бұл ақпарат он жылдан астам уақыт бойы айтылып келе жатқанын да тілге тиек етті. Тек Навальный қолайлы сәтті пайдаланған сыңайлы деп жауап берді. Сондай-ақ Путин бизнеске ешқашан қызықпағанын да айтты.   [caption id="attachment_105990" align="aligncenter" width="800"]Путин Фото: Дереккөзден алынды[/caption]

«Путин сарайы» фильмін оппозиция жетекшісі Алексей Навальный түсірген. Навальный қамауға алынған соң Ресейдің бірнеше қаласында митинг өтті.