Науқас қызды зорлау ісіне қатысты интернат директорының орынбасары түсініктеме берді
Науқас қызды зорлау ісіне қатысты интернат директорының орынбасары түсініктеме берді
119
оқылды

Оның айтуынша, интернат 1953 жылы ашылған. Психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекеме бірнеше жыл бұрын «№2 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ болып қайта құрылған.

Интернатта 240 адам бар. Оның 120-сы – ер адам, 120-сы әйел. 18 жастан асқан Түркістан облысының тұрғындары. Мекемеде 150 қызметкер бар. Бір бөлмеде 4-5 адам тұрады. Түнде бөлімшелер кілтпен жабылады. Интернаттағылар серуендеуге, түскі асқа, кешкі асқа бірге барады. Олардың қасында үнемі медбике, күтушілер бірге жүреді.

«Денсаулық сақтау министрлігінің №626 бұйрығы негізінде бала туу жасындағы, яғни 18 жастан 49 жасқа дейінгі әйелдерге бала тууды бақылау спиралі қойылады. Жыныстық қатынасқа түспеген қыздарға спираль қойылмады. Медициналық тексеру жүргізіледі. Егер қыздың бұрын жыныстық қатынаста болғаны анықталса, онда спираль қойылады.

Анасы шағым жасаған қызға, шын мәнінде, басқа 32 қызға да, оған да спираль салынды. Өйткені ол бұрын жыныстық қатынаста болған екен. Бұл қажетсіз жүктіліктің алдын алу үшін жасалады. Бұл оның интернатта болуы мүмкін дегенді білдірмейді. Олар көбінесе демалысқа, каникулға үйге барады. Біз интернаттан тыс не болып жатқанын білмейміз», – деді Бекболат Салтаев.

Қыз 2010 жылы 18 жасқа толғаннан кейін интернатқа келген. Оған спираль 2013 жылы салынған, – деп жазады Tengrinews.kz.

«Сот шешімі бойынша интернат оның қамқоршысы болып есептеледі. Дәрігерлер интернат басшылығымен келіседі. Ережеде ата-аналарды хабардар ету керек екені көрсетілмеген. Дәрігер-еңбек сарапшылар комиссиясының шешімі бойынша адам мамандандырылған мекемеге жіберіледі. Соған сәйкес, сот оларға қамқоршының іс жүзінде қабілетсіз екенін растайтын, яғни оның әрекеттері үшін жауап бермейтінін растайтын еңбекке жарамсыздық парақтарын береді. Осыдан кейін олар интернатқа ауыстырылады. Біз автомат түрде олардың қамқоршысы боламыз. Ата-аналар келісімін береді, ешкімді интернатқа мәжбүрлеп орналастырмайды. Ата-аналар туыстарына келіп тұра алады, өтініш жазып, оларды демалысқа алып кете алады», – деп түсіндірді Бекболат Салтаев.

Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, сот-медициналық сараптама және сот-психиатриялық сараптама жүргізілді. «Тәуелсіз сарапшылардың пікірінше, қыз жыныстық қатынасқа түспеген. Ал психиатриялық сараптама нәтижелері бойынша ол жыныстық қатынастың не екенін де түсінбейді. Ол мүлдем қабілетсіз. Сотқа дейінгі тергеу әлі аяқталған жоқ. Интернат қызметкерлерінен жауап алып жатыр», – деді орынбасар.

Бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бастамасымен Шымкент қаласы әкімдігінің «№2 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-де арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасын тексеру мақсатында мониторингтік топ құрылатынын жазған болатынбыз.