Томас Бах Олимпиаданың өткізілетін уақытына қатысты пікір білдірді
Томас Бах Олимпиаданың өткізілетін уақытына қатысты пікір білдірді
5,120
оқылды

Қазақстан ұлттық олимпиадалық комитетінің өкілдері де жиынға қатысты. Бұл туралы Olympic.kz жазды.

БҰҰ резолюциясы, Токио және Бейжің Олимпиадасы туралы талқылады. Томас Бахтың айтуынша, Токио Олимпиадасынан кейін 6 айдан соң қысқы Олимпиада ойындары өтеді. Мұндай жайт тарихта алғаш рет болып отыр. ХОК екі ірі спорттық іс-шараға дайындалып жатыр.

«Олимпиада ойындары мен барлық жарыстар және іс-шаралар жоспарланған уақытында өтеді. Жапония Олимпиаданы өткізуге дайын. Сондай-ақ елдегі саяси пікірталастарға қарамастан, Қытай да қысқы ойындарды өткізуге әзір», – деді Томас Бах.

Пандемияға байланысты Олимпиада кезінде санитарлық талаптарды сақтау мәселесін жарысқа қатысатын елдер бірлесіп шешуге уағдаласты.