Ұлыбританияда Kinder сюрприз ішіне есірткі жасырған төрт баланың анасын жауапқа тартты
Ұлыбританияда Kinder сюрприз ішіне есірткі жасырған төрт баланың анасын жауапқа тартты
128
оқылды

Ұлыбританияның 36 жастағы Вики Холланд  42 жастағы жігіті Расселл Кокс екеуі Kinder сюрприз шоколадының ішіне есірткі жасырып, саудалаған.

Бұл жайт олардың телефонын тексергеннен кейін әшкере болған. Полицейлер есірткіні табу үшін ұзақ уақыт тексеру жүргізген. Kinder сюрприз ішіне жалпы құны 1600 фунт тұратын есірткіні жасырғаны анықталды.  Тексеру нәтижесінде, екеуі есірткі сатқанын мойындаған.

Төрт баланың анасы 1 жыл 8 айға шартты түрде жазаға арқалады. Ал Кокс 2 жарым жыл түрмеде жазасын өтейді.