«Бұл мәселе бойынша тек Денсаулық сақтау министрі ғана емес, әкімдердің бәрі мына жайды ескеруі керек: жалпыға ортақ вакцинация – өте маңызды мәселе. Бізге азаматтарды вакцинациядан өткізуде өте салмақты, ойластырылған, қыр-сыры ескерілген жоспар керек. Дүрбелең болмас үшін ол салада ескеретін өте көп кемшіліктер бар. Вакцинация эпидемиологиялық ахуалды түзеуі керек. Алда жұмыс көп», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бұған дейін балаларға коронавирусқа қарсы вакцина салынбайтыны туралы жазған болатынбыз.