Бұрынғы вице-министр Шкарупаға қатысты сот үкімі шықты
Бұрынғы вице-министр Шкарупаға қатысты сот үкімі шықты

Қазыбек би аудандық соты қазына қаражатын талан-таражға салды деп айыпталған Анатолий Шкарупаны ақтап шықты.

Қазыбек би ауданының судьясы Жанат Егембердиева оны Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігі, 2-тармағы бойынша кінәсіз деп таныды.

Анатолий Шкарупа 2018 жылдың 19 қарашасында қамауға алынды.

Бұған дейін Шкарупа ісіне қатысты Прокурор бұрынғы Энергетика министрінің орынбасарын 10 жылға соттауды сұрады.

Алайда Шкарупаның мүлкі тәркіленбейтін болды.

Осыған дейін  «Кексель ісіне кедергі келтірген кім?» екенін жазған болатынбыз.