«Түтінге тұншықпай тығырықтан шығу керек» – Президент Көлгіновке тапсырма берді
«Түтінге тұншықпай тығырықтан шығу керек» – Президент Көлгіновке тапсырма берді
156
оқылды

«Инженерлік инфрақұрылымды дамыту жағынан Үкімет пен қала әкімдігінің жұмысын қолдаймын. Бұған дейін қалада құрылыс нысандарын сала беріп, жердің астындағы инфрақұрылымды  ұмыт қалдырдық. Күндердің күнінде астана халқы түтінге тұншығып, проблемамен бетпе-бет келуіміз мүмкін», – деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ қазір үйлерді газға қосу мәселесі бар екеніне тоқталды. Тоқаев астана әкімінен: «Үйде газды қосу бағасы жылына 500-700 мың теңгеге дейін барады екен. Бұл – өте қымбат. Бұл мәселені қалай шешесіз?» – деп сұрады.

Әкім: «Біз мердігерлермен келісіп, үйді газға қосу құнын 240 мың теңгеден 150 мың теңгеге дейін азайттық (бұл сомаға газ жабдықтары мен керек-жарақтар кірмейді)», – деді Алтай Көлгінов.

Бұған дейін астана тұрғындары түтінге тұншығып жатқанын жазған болатынбыз.