Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны салдыратынын айтты. «Оны сапалы өткізу үшін барлық жағдайды жасау керек. Вакциналау бойынша науқан ұйымдастырылған тәртіпте өтуі керек. Үкіметке әкімдермен бірлесе толыққанды дайындықты қамтамасыз етіп, 1 ақпаннан жаппай вакциналауға кірісуге тапсырамын. Осы жағдайда ол жақсы нәтижелер көрсетсе, мен дәл осы қазақстандық вакцинаны салдырамын», - деді ол.