Цой қатаң карантин қашан жарияланатынын айтты

Цой қатаң карантин қашан жарияланатынын айтты

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус қашан қатты өршіп,  қатаң карантин жариялануы мүмкін екенін айтты. 

 

"Наурыздың соңында коронавирус өршіп, науқастар саны артады. Оптимистік сценарий бойынша, күніне 3  мың адам коронавирус жұқтырып, ауруханаларда 24 мыңға дейін төсек-орын толуы ықтимал.

Пессимистік сценарий орын алса, тәулігіне 6-9 мың қазақстандық коронавирусқа шалдығуы мүмкін. Бұндай жағдайда 45 мыңға дейін төсек-орын толады. Карантин қатаңдатылады.

Болжам бойынша, 2 миллион адамға вакцина салынған жағдайда алғашқы жартыжылдықта коронавирус жұқтырғандар саны 40 мыңға дейін азаяды. Бірінші кезеңдегі вакцинация иммунитет қалыптастыру үшін керек және бір мезетте бірнеше адамға вакцина салу мүмкін емес. Кейін вакцинацияның әсері елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына әсер етеді", - деді министр.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 2021 жылы наурызда коронавирус өршіп, тәулігіне 6-9 мың қазақстандық коронавирус жұқтыруы мүмкін екенін айтқан болатын.