Шығыс, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Атырау, Ақтөбе, Түркістан облыстарында жел күшейеді
Шығыс, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Атырау, Ақтөбе, Түркістан облыстарында жел күшейеді

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, кей жерлерде тұман түсіп, бұрқасын соғады.

Қазақстанның басым бөлігінде Атлант мұхитынан келген антициклон әсер етеді, жауын-шашын тоқталуы мүмкін. Тек еліміздің солтүстік және шығыс бөлігі әлі де фронталды ағын ықпалында болғандықтан қар жаууы ықтимал. Еліміздің кей жерлерінде тұман түсіп, бұрқасын соғады, жел күшейеді.

Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлеріңде бұрқасын күтіледі.

Жел күшейіп 15-20, екпіні 25 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай, Атырау, Ақтөбе, түнде Түркістан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан, түнде Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 м/с жетеді, шаңды дауылға ұласуы ықтимал.

Қарағанды облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі.

Маңғыстау облысында шаңды дауыл соғады. Күндіз Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.