Нұр-Сұлтанда бірқатар көше атауы өзгереді
Нұр-Сұлтанда бірқатар көше атауы өзгереді
105
оқылды
Нұр-Сұлтан қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы қаулы шықты. Қаулы Электрондық үкімет порталында жарияланды.
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңы 13-бабының 4-тармақшасына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Нұр-Сұлтан қаласы Ономастика комиссиясының 2021 жылғы 13 қаңтардағы  Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастикалық комиссиясының қорытындыларының негізінде Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі қаулы етеді және Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты шешті", - делінген қаулыда.
Оның ішінде, Нұр-Сұлтан қаласының "Алматы" ауданы бойынша:
  • жобалық атауы  А21 көшеге - Ұзақбай Құлымбетов көшесі;
  • жобалық атауы № 231 көшеге - Әнуарбек Байжанбаев көшесі;
  • жобалық атауы № 23-14 көшеге - Мақтай Сағдиев көшесі;
  • жобалық атауы А22 көшеге - Кәмен Оразалин көшесі;
  • жобалық атауы А23 көшеге - Аманжол Бөлекпаев көшесі;
  • жобалық атауы № 23-7 көшеге - Бәйкен Әшімов көшесі;
  • жобалық атауы А25 көшеге - Кеңшілік Мырзабеков көшесі;
  • жобалық атауы А26 көшеге - Нығмет Нұрмақов көшесі;
  • жобалық атауы № 23-6 көшеге - Рахманқұл Бердібай көшесі;
  • жобалық атауы А36 көшеге - Салық Зиманов көшесі;
  • жобалық атауы А98 көшеге - Жұбан Молдағалиев көшесі;
Нұр-Сұлтан қаласының "Есіл" ауданы бойынша:
  • жобалық атауы Е755 көшеге - Әнет баба көшесі;
  • жобалық атауы Е16 көшеге - Хиуаз Доспанова көшесі;
  • жобалық атауы Е22 көшеге - Роза Бағланова көшесі;
  • жобалық атауы Е574 көшеге - Бердіқожа батыр көшесі;
  • жобалық атаулары Е584 және Е631 көшелерін біріктіріп, Баймұхамет Қосшығұлов көшесі;
  • жобалық атаулары Е587 және Е619 көшелерін біріктіріп, Уәли Халфин көшесі;
Достық көшесінен басталып,Дінмұхамед Қонаевкөшесіне дейін жалғасатын "Қазмедиа орталығы" ғимаратының алдында орналасқан атаусыз көшеге - Қазақ радиосы көшесі. Нұр-Сұлтан қаласының "Байқоңыр" ауданы бойынша:
  • Жұмабек Тәшенов көшесі - Жұмабек Тәшенев көшесі;
  • Павлик Морозов орамы - Сейхун орамы;
  • Ленинградский орамы - Төрткөл орамы;
  • Жұмабек Тәшенов орамы - Жұмабек Тәшенев орамы;
  • Жазық орамының Өндіріс көшесінен басталып, Төлеген Тоқтаров көшесіне дейін жалғасқан бөлігі - Ырғыз орамы;
  • Гүлзар орамының Саржайлау көшесінен басталып, Төлеген Тоқтаров көшесіне дейін жалғасқан бөлігі - Ақжарма орамы;
  • Ақсеңгір көшесінің Құсжолы көшесінен басталатын бөлігі - Шоқпартас орамы;
  • Телжан Шонанұлы көшесінің Николай Гоголь көшесінен басталып, Ташкент көшесіне дейін жалғасқан бөлігі - Шілікті орамы;
  • Ағадыр көшесінің С613 жобалық көшесінен басталып, Тайбурыл көшесіне дейін жалғасқан бөлігі - Шилісай орамы;
  • Ағадыр көшесінің № 8 үйден басталып, Игілік көшесіне дейін жалғасқан бөлігі - Шеңгелді орамы;
  • Кеншілер көшесінің Кентау көшесінен басталып, Ақшағыл көшесіне дейін жалғасқан бөлігі - Қарғалы орамы;
  • Жетісай орамының № 49А үйден басталып, Юрий Малахов көшесіне дейін жалғасқан бөлігі - Үңгіртас орамы;
  • Ақшағыл көшесінің Кентау көшесінен басталатын бөлігі - Тұздыкөл орамы;
  • Юрий Малахов көшесінің № 12 үйден басталып, Саржайлау көшесіне дейін жалғасқан бөлігі - Түрген көшесі;
  • Төңкеріс көшесінің № 14 үйден басталып, Проезд-48 көшесіне дейін жалғасқан бөлігі - Толағай орамы;
  • Саржайлау көшесінің № 9/5 үйден басталып, № 11А үйге дейін жалғасқан бөлігі - Текелі орамы;
  • Шыңғырлау көшесінің № 17/1 үйден басталып, № 1А үйге дейін жалғасқан бөлігі - Тастөбе орамы;
  • Өзен көшесінің Сусамыр көшесінен басталып, Өндіріс көшесіне дейін жалғасқан бөлігі - Талдыбұлақ орамы;
  • Қызылжар көшесінің Жезкиік орамынан басталып, Найзатас орамына дейін жалғасқан бөлігі - Өлеңдісай орамы;
  • Тасқұдық көшесінің № 20 үйден басталып, Ынталы көшесіне дейін жалғасқан бөлігі - Ойқарағай орамы;
  • Құрманғазы көшесінің № 50 үйден басталып, № 64 үйге дейін жалғасқан бөлігі - Жиренкөл орамы;
Нұр-Сұлтан қаласының "Есіл" ауданы бойынша:
  • Шығыс Ильинка тұрғын алабы - Үркер тұрғын алабы;
  • Новый аэропорт көшесі - Жаңадария көшесі;
  • Сығанақ және жобалық атауы Е10 көшелерін біріктіріп,Сығанақ көшесі;
Нұр-Сұлтан қаласының "Сарыарқа" ауданы бойынша:
  • Пионерская көшесі - Талшық көшесі;
  • Проезд-52 көшесі - Ақтоғай көшесі;
  • Мостопоезд-463 көшесі - Жартас көшесі;
  • Аспара  көшесінен басталып, Медеу көшесіне дейін жалғасқан Тарас Шевченко көшесі - Қатонқарағай көшесі;
  • Екінші Алматы және жобалық атауы С409 көшелерін біріктіріп, Ермек Серкебаев көшесі деп қайта аталады.