Нұр-Сұлтан қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы қаулы шықты. Қаулы Электрондық үкімет порталында жарияланды.
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңы 13-бабының 4-тармақшасына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Нұр-Сұлтан қаласы Ономастика комиссиясының 2021 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастикалық комиссиясының қорытындыларының негізінде Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі қаулы етеді және Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты шешті", - делінген қаулыда.Оның ішінде, Нұр-Сұлтан қаласының "Алматы" ауданы бойынша:
- жобалық атауы А21 көшеге - Ұзақбай Құлымбетов көшесі;
- жобалық атауы № 231 көшеге - Әнуарбек Байжанбаев көшесі;
- жобалық атауы № 23-14 көшеге - Мақтай Сағдиев көшесі;
- жобалық атауы А22 көшеге - Кәмен Оразалин көшесі;
- жобалық атауы А23 көшеге - Аманжол Бөлекпаев көшесі;
- жобалық атауы № 23-7 көшеге - Бәйкен Әшімов көшесі;
- жобалық атауы А25 көшеге - Кеңшілік Мырзабеков көшесі;
- жобалық атауы А26 көшеге - Нығмет Нұрмақов көшесі;
- жобалық атауы № 23-6 көшеге - Рахманқұл Бердібай көшесі;
- жобалық атауы А36 көшеге - Салық Зиманов көшесі;
- жобалық атауы А98 көшеге - Жұбан Молдағалиев көшесі;
- жобалық атауы Е755 көшеге - Әнет баба көшесі;
- жобалық атауы Е16 көшеге - Хиуаз Доспанова көшесі;
- жобалық атауы Е22 көшеге - Роза Бағланова көшесі;
- жобалық атауы Е574 көшеге - Бердіқожа батыр көшесі;
- жобалық атаулары Е584 және Е631 көшелерін біріктіріп, Баймұхамет Қосшығұлов көшесі;
- жобалық атаулары Е587 және Е619 көшелерін біріктіріп, Уәли Халфин көшесі;
- Жұмабек Тәшенов көшесі - Жұмабек Тәшенев көшесі;
- Павлик Морозов орамы - Сейхун орамы;
- Ленинградский орамы - Төрткөл орамы;
- Жұмабек Тәшенов орамы - Жұмабек Тәшенев орамы;
- Жазық орамының Өндіріс көшесінен басталып, Төлеген Тоқтаров көшесіне дейін жалғасқан бөлігі - Ырғыз орамы;
- Гүлзар орамының Саржайлау көшесінен басталып, Төлеген Тоқтаров көшесіне дейін жалғасқан бөлігі - Ақжарма орамы;
- Ақсеңгір көшесінің Құсжолы көшесінен басталатын бөлігі - Шоқпартас орамы;
- Телжан Шонанұлы көшесінің Николай Гоголь көшесінен басталып, Ташкент көшесіне дейін жалғасқан бөлігі - Шілікті орамы;
- Ағадыр көшесінің С613 жобалық көшесінен басталып, Тайбурыл көшесіне дейін жалғасқан бөлігі - Шилісай орамы;
- Ағадыр көшесінің № 8 үйден басталып, Игілік көшесіне дейін жалғасқан бөлігі - Шеңгелді орамы;
- Кеншілер көшесінің Кентау көшесінен басталып, Ақшағыл көшесіне дейін жалғасқан бөлігі - Қарғалы орамы;
- Жетісай орамының № 49А үйден басталып, Юрий Малахов көшесіне дейін жалғасқан бөлігі - Үңгіртас орамы;
- Ақшағыл көшесінің Кентау көшесінен басталатын бөлігі - Тұздыкөл орамы;
- Юрий Малахов көшесінің № 12 үйден басталып, Саржайлау көшесіне дейін жалғасқан бөлігі - Түрген көшесі;
- Төңкеріс көшесінің № 14 үйден басталып, Проезд-48 көшесіне дейін жалғасқан бөлігі - Толағай орамы;
- Саржайлау көшесінің № 9/5 үйден басталып, № 11А үйге дейін жалғасқан бөлігі - Текелі орамы;
- Шыңғырлау көшесінің № 17/1 үйден басталып, № 1А үйге дейін жалғасқан бөлігі - Тастөбе орамы;
- Өзен көшесінің Сусамыр көшесінен басталып, Өндіріс көшесіне дейін жалғасқан бөлігі - Талдыбұлақ орамы;
- Қызылжар көшесінің Жезкиік орамынан басталып, Найзатас орамына дейін жалғасқан бөлігі - Өлеңдісай орамы;
- Тасқұдық көшесінің № 20 үйден басталып, Ынталы көшесіне дейін жалғасқан бөлігі - Ойқарағай орамы;
- Құрманғазы көшесінің № 50 үйден басталып, № 64 үйге дейін жалғасқан бөлігі - Жиренкөл орамы;
- Шығыс Ильинка тұрғын алабы - Үркер тұрғын алабы;
- Новый аэропорт көшесі - Жаңадария көшесі;
- Сығанақ және жобалық атауы Е10 көшелерін біріктіріп,Сығанақ көшесі;
- Пионерская көшесі - Талшық көшесі;
- Проезд-52 көшесі - Ақтоғай көшесі;
- Мостопоезд-463 көшесі - Жартас көшесі;
- Аспара көшесінен басталып, Медеу көшесіне дейін жалғасқан Тарас Шевченко көшесі - Қатонқарағай көшесі;
- Екінші Алматы және жобалық атауы С409 көшелерін біріктіріп, Ермек Серкебаев көшесі деп қайта аталады.