Премьер-министр Асқар Мамин Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында ҰБТ-ның электронды форматқа көшірілетінін айтты. Мемлекет басшысы Үкіметке бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды.
"Балаларды дамытудың ұлттық жоспары халықаралық озық тәжірибелер негізінде жасалатын болады. Мектепке дейінгі білім беру мен жан басына қаржыландырудың жаңа моделін енгізу арқылы 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды балабақшамен қамтуды 99% дейін арттыру жоспарлануда. 400 жаңа балабақша ашылады. МЖӘ аясында 180 мектеп салу жоспарлануда. Ұлттық бірыңғай тестілеу толығымен электронды форматқа көшеді", - деді Асқар Мамин.