Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Мәдениет

«Жарқыраған мың күн» романы 2021 жылдың жыл кітаптары тізіміне енді

А.Ахметқазы
Қаңтар 26, 2021
Жаңалықтар, Қазақстан, Мәдениет
Жарқыраған мың күн
295
қаралым

Қазақстанда «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы 2007 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы мен Кітапханалар қауымдастығының бастамасымен өткізіліп келеді.

Акция қазақ әдебиетін танымал ету, тарихи, мәдени және рухани мұраны сақтау, жас ұрпаққа дұрыс адамгершілік-патриоттық тәрбие беру мақсатында өткізіледі.

2021 жылдың жыл кітаптарын таңдау бойынша «Бір ел – бір кітап» акциясы комиссиясының кезекті отырысы өтті. Отырыс қорытындысы бойынша ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, жалпыхалықтық оқуға «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясы ұсынылды. «Аударма» номинациясында «Фолиант» баспасынан жарық көрген Халед Хоссейнидің «Жарқыраған мың күн» кітабы бар. Аударған – халықаралық, республикалық жыр додаларының жүлдегері, ақын Төлеген Меллат.

Роман соңғы жарты ғасырда әлем назарын өзіне жиі аударған Ауған елінің ашық та тұңғиық өмір шындығын, тыныс-тіршілігін боямасыз бейнелейді. Соғыс өрті толастамаған, қараңғылық пен надандық үстемдік құрған қоғамдағы адам тағдыры мен әйелдер өмірін, махаббаттың мұң-наласын айшықты тілмен анық жеткізеді.

Оқиға Ауғанстандағы 20-ғасырдың екінші жартысындағы азаматтық соғыс төңірегінде өрбиді. Автор соғысты бізге әйелдер және аналар көзімен көрсетеді. Халед Хосейни шығыс мемлекетінің тұрмыс-тіршілігімен, тұрғындарының тағдырымен таныстырады. Адамдарының армандары мен қорқыныштарын, үміттері мен қасіретін баяндайды. Мінездері мен әлеуметтік жағдайлары әртүрлі, қасіреті мен мұңы бір екі әйелдің тағдыры ешкімді бей-жай қалдырмайды.

Ешқандай мазмұн жоқ

Мәриям – бай кәсіпкердің 15 жасында күштеп тұрмысқа шығарылған некесіз қызы. Лейлә – зиялы отбасында дүниеге келіп, жоғарғы білім алуды армандаған бақытты қыз. Соғыс атты зұлым күш екі тағдырды бір арнаға тоғыстырады. Ортақ қасірет негізінде құрылған достық та бар туындыда. Соғыс азаптарымен бірге, отбасындағы зорлық-зомбылық, мұсылман әйелдерінің құқықтары мен бостандықтары тақырыбы қозғалады.

«Жарқыраған мың күн» әлемнің көптеген тілдеріне аударылып, оқырманның ыстық ықыласына бөленген. Алғашқы екі кітабымен автор 2008 жылғы «Әлемдегі ең ықпалды жүз тұлға» тізіміне енген.

 
Тегтер: 30 кітапЖарқыраған мың күнФолиантХалед Хоссейни
Алдыңғы жаңалық

ҰБТ толығымен электронды форматқа көшеді

Келесі жаңалық

Алматы облысында өгей әке ұлдарын зорлаған

Ұқсас жаңалықтар

Головкин
Жаңалықтар

Головкин мен мексикалық боксшы арасындағы кездесу мамырда өтпейтін болды

Наурыз 8, 2021
Мемлекет
Қазақстан

Мемлекеттік қызметте әйелдердің үлесі қанша?

Наурыз 8, 2021
Барыс
Жаңалықтар

«Барыс» тартысты кездесуде «Металлургтен» басым түсті

Наурыз 8, 2021
Ақтөбе
Жаңалықтар

Ақтөбе облысында боранға байланысты жолдар жабылды

Наурыз 8, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Головкин мен мексикалық боксшы арасындағы кездесу мамырда өтпейтін болды

Наурыз 8, 22:40

Мемлекеттік қызметте әйелдердің үлесі қанша?

Наурыз 8, 22:14

«Барыс» тартысты кездесуде «Металлургтен» басым түсті

Наурыз 8, 21:20

Ақтөбе облысында боранға байланысты жолдар жабылды

Наурыз 8, 20:39

Түркістан облысында екі айда 10 мыңнан астам сәби дүниеге келді

Наурыз 8, 20:11

50 жастағы әлемнің экс-чемпионы рингке оралып, қарсыласын нокаутқа түсірді

Наурыз 8, 19:44

Сегіз облыста дауылды ескерту жарияланды

Наурыз 8, 19:03
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Головкин

Головкин мен мексикалық боксшы арасындағы кездесу мамырда өтпейтін болды

Наурыз 8, 2021
Мемлекет

Мемлекеттік қызметте әйелдердің үлесі қанша?

Наурыз 8, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»