Алтынның бағасы қымбаттайды
Алтынның бағасы қымбаттайды

Биыл әлемде алтынның құны 15 процентке артқан, — деп хабарлайды 24.kz.

Дерекөздің жазуынша, апта басында бағалы металл унциясының бағасы 500 мың долларға жетті.  

Мамандардың айтуынша, проценттік мөлшерлеменің жаһандық төмендеуі, Европадағы брекзитке қатысты жағдай, АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы сияқты бірқатар себептері бар.

Саяси тұрақсыздық пен әлемдегі рецессия төңірегіндегі қауіп инвесторларды алтынға иек артуға мәжбүрлеген. Сарапшылардың пікірінше, бұл жағдай келесі жылы да жалғасады. 2020 жылға қарай алтын 15-20 процентке қымбаттауы мүмкін.