Алматы облысында өгей әке ұлдарын зорлаған
Алматы облысында өгей әке ұлдарын зорлаған
108
оқылды

Алматы облысында өгей әке кішкентай ұлдарын зорлаған. Бұл туралы «НеМолчи» қорының жетекшісі Дина Таңсәрі Facebook-тегі парақшасында хабарлады. 

Бұрын сотталған ер адам азаматтық некедегі әйелін, оның 4 және 9 жастағы ұлдарын ұрып-соғып, өзінің үшайлық ұлын дәретханада тұншықтырмақ болған. Әйелдің анасы полицияға хабарласып, ер адам ұсталды. Балалардың бірі әжесіне өгей әкелерінің моншада бірдеңе істегенін, енді құйрығы ауырып тұрғанын айтқан.
«Біз қатты уайымдадық. Тергеуші Зарина Сүлейменова істі тергеп, не болғанын анықтады. Сараптама қорытындысы бойынша екі бала да зорланғаны белгілі болды. Ер адам педофил болып шықты», – деп жазады құқық қорғаушы.
Қазір іс сотқа жолданды.  ҚР ҚК 107 бап 1 бөлімі (Денсаулыққа орташа деңгейде зиян келтіру ), 110 бап 1 бөлімі (Азаптау), 121 бап 4 бөлімі (Кішкентай балаға сексуалдық зорлық көрсету) бойынша тергеліп жатыр.
«Ер адам бұрын сотталған. Қазір әйелі мен оның анасын қорқытып жатыр. Отбасы болған оқиғадан кейін қатты қорқып қалған.  Әйелдің анасына операция жасалған. Күйеуінен қорлық көрген әйел көп уақыт емделді, қатты шаршаған. Бір жыл ішінде ер адам бүкіл отбасының денсаулығын құртқан. Ол өмір бойына сотталып, бостандыққа шықпайды деп үміттенеміз!» –деді Дина Таңсәрі.