Қазақстанда Президент жанынан жаңа агенттік құрылады

Қазақстанда Президент жанынан жаңа агенттік құрылады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қысқа мерзімде Президент жанындағы Экономикалық қылмыстармен күрес агенттігін құруды тапсырды.

«Өткен жылы «көлеңкелі» экономика саласында ұйымдасқан қылмыстық топтарға қатысты істердің рекордты саны қозғалды. 73 қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойылып, қаржыны қолма қол ақшаға айналдыру көлемі азайды. Бұл қадамдар осы жұмыстың тек басы ғана», - деді Қ. Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында. «Оңтайлы қарқынды сақтау үшін аталған бөлімшенің мәртебесін көтеріп, барынша қысқа мерзімде ҚР Президенті жанындағы Экономикалық қылмыстармен күрес агенттігін құру керек. Бұл өз кезегінде шешімдердің дербестігін арттырып, мүдделер қақтығысын жояды», - деді Президент.