«Каникулы off-line - 2» фильмі жарыққа шығады
«Каникулы off-line - 2» фильмі жарыққа шығады

Жуырда «Каникулы off-line - 2» фильмі кинотеатрдан көрсетіледі.

Отбасылық комедияның бірінші бөлімі бұған дейін YouTube арнасында қаралымы бойынша рекорд орнатқан. YouTube арнасында жарияланысымен 1 миллионнан астам адам қараған болатын. Қазақстан фильмдері ішінде жаңа рекорд орнатқан фильм болды.

Genesis YouTube Qazaqstan директоры Самсон Безмятежныйдың айтуынша, фильм қазақстандық көрермен қауымның арасында үлкен сұранысқа ие болған.

«Фильмді YouTube-та 3 күннің ішінде 1 миллион адам көрді. Қазақстанда 2 жылда 50 шақты фильм жарық көргенмен, мұндай көрсеткіш болған емес», - деді ол.

Қазақстандық YouTube қолданушылар фильм кейіпкерлері бастан кешкен шытырман оқиғаларға лайықты жоғары бағасын берді.

Қысқа уақыт ішінде 3 мыңнан астам пікір жазылған.

«Каникулы off-line - 2» режиссері – Эрнар Курмашев. Сценарисі – Алишер Утев, Руслан Акун, Эрнар Курмашев. Композиторы – Сергей Шегай. Операторы – Жантай Қыдыралиев. Бас продюсері – Ақан Сатаев. Продюсер – Серик Абишев, Руслан Акун. Сондай-ақ фильмде Мейiргат Амангелдин, Бекзат Елеусізов, Еламан Есентаев, Динара Бақтыбаева, Азамат Шарғынов, Мағжан Хамит, Арман Жақсығұлов, Зарина Нұржанова, Артур Асқарұлы ойнайды.

Комедияның ертең Нұр-Сұлтан қаласындағы Chaplin кинотеатрында көрсетілімі өтеді.