Ақтөбе облысында жол апатынан екі адам қаза тапты
Ақтөбе облысында жол апатынан екі адам қаза тапты
85
оқылды
25 қаңтар күні Ақтөбе-Астрахань тас жолында жол апаты болды, деп хабарлайды Polisia.kz. «Ларгус» пен «Ниссан» маркалы автокөлік соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Ларгус» автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. «Ниссан» көлігінің жүргізушісі мен «Ларгустың» екі жолаушысы медициналық мекемеге жатқызылды. ЖКО фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.