Түркістан облысында коронавирусқа қарсы екпені ең алдымен өңірдің бас санитар дәрігері мен қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы салдыратын болды, Сала басшылары мұндай қадамға ел ішінде вакцинаға деген сенімділікті арттыру үшін барып жатқандарын айтты. Облыстың бас дәрігері Марат Пашимовтың айтуынша, аймақта коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастардың саны күн санап артып келеді. Жыл басынан бері өңірде 335 адамнан қауіпті індет белгілері анықталған. «Ең бірінші екпені қауіпті аймақта жүрген медицина қызметкерлері салдырады. Олар инфекциялық госитальда жұмыс істейтін қызметкерлер. Кейін жедел жәрдеммен жүретін қызметкерлерге салуды жоспарлап отырмыз. Үшінші, СЭС-тің мамандары салдырады деп жоспарлануда. Төртінші, құқық қорғау органдарының мамандары. Ары қарай бізде «Д» есебінде тұрған адамдар вакцина алады»,– деді Марат Пашимов.