Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов (13-5) UFC-дегі жеңілісіне қатысты пікір білдірді.
Абу-Дабиде өткен UFC 257 турнирінде Жалғас швециялық Амир Альбазимен (14-1) жұдырықтасақан еді. Жеңіл салмақтағы жекпе-жек (56,7 кг) жоспарланған үш раундқа созылып, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімі арқасында Әлбазидің пайдасына шешілді.
Енді демалып, күш-қуатымды жинап, әрі қарай жаттығу жоспарын жақсарту үшін алда біраз жұмыс күтіп тұр. Мен өзіме артылған үмітті ақтағым келді, бірақ әрқашан мен қалағандай бола бермейді, бірақ мен осы сынақтар арқылы өтіп, иншаАллах мықты болып ораламын! Мен берілмеймін, көңілімді қалдырып мойымаймын! ИншаАлла, мықтылығымды дәлелдеймін!", - деп жазды Жұмағұлов Instagram желісінде.