Ақтөбе қаласындағы №51 мектеп-гимназиясының электронды поштасына ғимаратқа бомба қойылғаны туралы хат келіп түсті. Мұндай жағдай бұған дейін де болған еді.
26 қаңтар күні сағат 10.15-те №51 мектеп-гимназиясының электронды поштасына «мектепке бомба қойылды» деген хабарлама келіп түскен. Шұғыл қызмет дереу оқиға орнына жетіп, оқушыларды, мұғалімдер мен кіші қызметкерлерді эвакуациялады. «Барлығы 550-ден астам адам эвакуацияланды. Арнайы бөлімше саперлері жарылғыш құрылғыны анықтау үшін тексеру жүргізді. Жарылғыш зат табылған жоқ. Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция департаменті күдіктіні анықтау және ұстау үшін жедел іс-шараны қолға алды», – деді облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов. Еске салсақ, 18 қаңтар күні осы мектептің электронды поштасына дәл осы мәтінде хабарлама түскен болатын. Хатты жолдаған адам әлі анықталмады.Айша ЕРСҰЛТАН