Өңірлік мәселелер қозғалды

Өңірлік мәселелер қозғалды

Алматы облысында «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын және соның негізіндегі 2021-2025 жылдарға арналған өңірдің даму бағдарламасын жүзеге асыру Жол картасы бойынша аудан-қалалардағы кездесулер басталды.

Іле, Еңбекшіқазақ аудандарында өткен аталмыш іс-шараға облыстық партия филиалының Саяси кеңес бюросының мүшесі, облыстық мәслихат хатшысы Жанболат Жөргенбаев, облыстық партия фи­лиалы төрағасының бірінші орын­басары Гүлнәр Тойлыбаева, аудан­ның жергілікті атқарушы орган өкілдері, «Nur Otan» партиясының депутаттық фракция мүшелері қа­тысты. Шара аясында Жанболат Әкебайұлы және Гүлнәр Қожақұл­қызы сайлауалды бағдарлама мен өңірдің даму бағдарламасын іске асыру жолдары туралы айтып, жаңа сайланған депутаттарға бағдарла­маны жүзеге асыру бойынша бағыт-бағдар берді.

Әбілмансұр ЖАСАН