Сервистік орталықтың қызметімен танысты
Сервистік орталықтың қызметімен танысты
113
оқылды

«Nur Otan» партиясы жанын­дағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес­тің мүшесі, жұмыс тобының жетекшісі Талғат Нәрікбаев Сы­байлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Ғалымбек Досановпен кездесті.

Сервистік орталық ғимара­тында өткен кездесу барысында сыбайлас жемқорлық, құқық­­бұ­зушылықтардың пайда бо­луына ықпал ететін негізгі се­беп­­тер тал­қыланды. – Екі апта ішінде біздің жұ­мыс тобымыз жергілікті ат­қарушы органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қандай шаралар қабылдап жатқанын зерттейтін болады. Мамандар тобы барлық бағыт бойынша жұмыс істеп, Шалқар және Мұғалжар аудандарын қамтуы тиіс. Басты мақсат – болашақта сыбайлас жемқорлық құбылыс­тарын болдырмау, сол арқылы қоғамның «Nur Otan» партиясы­на деген сенімі артады, – деді жұмыс тобының жетекшісі Талғат Нәрікбаев. Орталық өкілдері қонақтарға ANTIKOR ORTALYGY барлық аза­матқа жедел және қолайлы жағдайда өздерін қызықтыратын мәселелер бойынша білікті ма­мандардан кеңес алуға мүмкіндік беретінін айтты. – Бізге ТКШ саласынан бастап әлеуметтік төлемдерге бай­ланысты мәселелерге дейінгі барлық мәселе бойынша өті­ніштер айтылады. Сыпайы қыз­меткерлер, ашық кабинеттер адам­дарға шынайы сенім ту­дырады. Кейде келушілер сер­вистік орталық әкімдікке қара­ғанда көбірек өкілеттікке ие деп қате ойлайды. Олай емес. Біз тек өз мүмкіндігімізше әрбір жү­гінген адамға көмектесуге тыры­самыз, – деп сендірді құқықтық алаңда. Айта кетейік, Ақтөбе облы­сына «Nur Otan» партиясы жа­нындағы сыбайлас жемқор­лыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық ке­ңес­тің жұмыс тобы келген бола­тын. Топ мүшелері екі аптаның ішінде өңірдегі сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-қимыл бо­йын­ша жүргізіліп жатқан жұ­мыстарды және партияның 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының орындалуы бойынша жұмыс нәтижелерін зерделеуді жос­парлап отыр.

Әбілмансұр ЖАСАН