Пандус орнатып берді
Пандус орнатып берді
158
оқылды

«Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінің көмегіне жүгінген азаматтардың мәселелері оңтайлы шешімін табуда. Тұрғындар да қабылдаушыларға дән риза. Солардың бірі – отбасында мүгедек бала тәрбиелеп отырған Г. есімді азаматша. Ол осыдан біраз уақыт бұрын қабылдау бөлмесіне хабар­ласып, өтінішін жеткізген болатын. Әңгіме барысында өтініш иесі мүгедек қызының «Зейін Атырау» ерекше балаларды оңалту ортал­ы­ғында дәріс алатынын айтып, қоғамдық орындардағы бірқатар  кем­шілікті тізіп шықты.

Оның сөзінше, түрлі орталық­тар­ға, емханаларға бару үшін арбаға таңылған жандар көп кедергіге тап бо­лады екен. Яғни, оларға жағдай жа­сал­маған. Әсіресе, көпқабатты үйге кіріп-шығу мүмкіндігі қарас­ты­рылмаған, пандус салынбаған. Өтініш иесі осы мәселенің оңынан шешілуіне қоғамдық қабылдауда­ғылар ықпал ете ме деген үмітпен хабарласып отырғанын жеткізді. Жеке қабылдауда болған облыстық маслихаттың депутаты Әділ Жұбанов көп ұзамай өзі жетекшілік ететін «Батыс Альянс Строй» мекемесі ар­қылы құны 600 мың теңге болатын пандус құрылысын салдыртып берді. Өтініш иесі партия филиалына хабарласып, осындай қамқорлық жасап, мүгедек жандардың қа­жеттілігіне назар аударып, бар жұ­мысты үйлестіріп, пандус салып, өтінішін оңынан шешіп берген об­лыстық маслихаттың депутаты, фракция мүшесі Әділ Жұбановқа алғысын білдірді.

Әбілмансұр ЖАСАН