Сәбиді құтқарып қалды

Сәбиді құтқарып қалды

Полиция департаментінің хабарлауынша, 26 қаңтар күні 102 нөміріне терезе алдында бала тұрғаны жайында хабарлама түскен. Полицейлер оқиға орнына жылдам жетіп, төртінші қабаттың терезесінде тұрған сәбиді құтқарып алды.

Нұр-Сұлтан қалалық Полиция де­партаменті таратқан ақпаратқа сәйкес, қала тұрғындарының бірі 102 нөміріне қоңырау шалып, Е-16 көшесі бойындағы тұрғын үй пә­терінің бірінде ашық тұрған тере­зе­ге кішкентай бала шығып алға­ны туралы хабарлаған. Бала жылап ана­сын шақырған. Көршілері ар­найы орын қызметкерлеріне оның те­резеден құлап кету қаупі бар еке­нін жеткізген. Артынша тұрғын үй­ге патрульдік полиция экипажы жі­берілген. Полиция капитаны Әділет Да­ла­баев пен аға лейтенант Әуелхан Мұталхан 4-қабаттағы пәтерді бір­ден тауып, оқиға орнына жет­ке­німен, пәтер есігі жабық болған. Департамент қызметкерлерінің айтуынша, олар баланы сөзге ай­нал­дырып, есікке қарай шақырған.  Есіктің сыртынан сәбимен сөйле­сіп, көңілін аулауға тырысқан. Сөз арасында 6 жасар бала үйде жалғыз қал­ғанын, қатты қорқатынын айт­қан. Полицейлер осы аралықта пә­тер­дің жалға берілгенін анықтап, қожайынымен байланысқа шы­ғып, есікті ашып беруін өтінген. Осы­лайша, үйге кіріп, баланың дін-аман екеніне көз жеткізген. Ба­ламен бірге анасының келуін кү­тіп,  оны аман-есен ата-анасына тап­сырған. Әрі бұдан былай ба­ланы жалғыз қалдырмауын сұрап, ескерту жасаған.

Айбике ЖАНАСЫЛ