«Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыстық мәслихат депутаты Азамат Бисенов облыс тұрғындарын онлайн қабылдады.
Қабылдауға қосылған әрбір азамат назардан тыс қалмады. Олардың әрқайсысының сұрақтарына жеке-жеке жауап беріп, мәселелерді бақылауына алатынын айтты. Облыстық мәслихат депутаты халықтың әлеуметтік осал топтарын мемлекеттік қолдау, сондай-ақ жұмыспен қамту жөнінде толық анықтамалық түсініктеме берді. Әр мәселе бойынша істің барлық мән-жайы анықталды, қажет болған жағдайда мемлекеттік құрылымдардан мамандар тартылды. Мамандардың кеңесі немесе басқа ведомстволардың жауаптары қажет болатын өтініштер қабылданып, жауаптары міндетті түрде өтініш берушілерге жіберілетін болады. Аталған аймақтың коронавирус инфекциясының таралуы бойынша «қызыл аймаққа» кіруіне байланысты «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыстық мәслихат депутаттарының қабылдауы бейнебайланыс немесе телефон арқылы өткізілетін болады.Әбілмансұр ЖАСАН