Күннің тұтылуы қазақстандықтарға қалай әсер етеді?
Күннің тұтылуы қазақстандықтарға қалай әсер етеді?
163
оқылды

Белгілі астрофизик Виктор Тейфель 26 желтоқсанда Алматыда күннің тұтылуын көруге болатынын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Ғалымның айтуынша, қазіргі тұтылуды сақина тәрізді деп атайды.

«Ай күнді толығымен жауып тұрған кезін сіз жер шарының өте шектеулі аудандарынан байқай аласыз – тұтас тұтылу көрінетін жер аз. Себебі ол іс жүзінде оңтүстік жарты шарда өтеді. Бұл жолы ол әлдеқайда алыс болады және күн дискісін толығымен жаба алмайды», – деді астрофизик.

Виктор Тейфельдің айтуынша, тұтылудың максималды фазасы – айдың жан-жағындағы жарық сақина тәрізді көрінуі. Бұл жағдайда күн тәжі көрінбейді. «Дегенмен, бұл сақина тәрізді тұтылу қызығушылық тудырады. Қалай болғанда да, бұл өте әдемі құбылыс. Тұтылудың өзі бірнеше сағатқа созылады, Алматы үшін тұтылудың максималды фазасы таңертеңгі сағат 10:11-де болады. Осы уақытта сіз Күнге қарай алмайсыз. Көргіңіз келсе, қара көзілдірік тағыңыз. Сақтануды ұмытпаңыз», – деп ескерткен ғалым.