Маңғыстауда көңілдесінің 10 жастағы қызын зорлаған педофилге қатысты сот үкімі шықты
Маңғыстауда көңілдесінің 10 жастағы қызын зорлаған педофилге қатысты сот үкімі шықты

Облыстық соттың мәліметінше, 37 жастағы күдіктінің кінәсі толық дәлелденді.

Былтыр мамыр айында ішімдік ішкен күдікті түнгі сағат 3-тер шамасында көңілдесінің үйіне барады. Бірақ жалғызбасты әйелдің үйінде тек 10 жастағы қызы болған. Педофил қызды ұрып-соғып, зорлап кеткен. Сот қылмысы толық дәлелденген күдіктіні өмір бойына бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

Маңғыстау облыстық сотының баспасөз хатшысы Гаухар Нұрханова: «Қылмыстық іс ауыр санатқа жатады. Қоғамға қауіптілігі ескеріліп, сот үкімімен сотталушыға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ», – деді.

Бұған дейін балаларға зорлық-зомбылық көрсеткендерге жаза күшейгенін жазған болатынбыз.