Бүгін Өскеменде оқушылар мектепке бармайды

Бүгін Өскеменде оқушылар мектепке бармайды

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, аязға байланысты мектептерде сабақ тоқтатылады.

Білім басқармасының ақпараты бойынша 27 қаңтарда Өскемен қаласында ауа температурасы -11 градус, желдің екпіні – 12 м/с. Сондықтан 1 ауысымның 0-11 сынып оқушыларына мектепте сабақ болмайды.

Бүгін Қазақстанда ауа райы құбылмалы болатынын хабарлаған болатынбыз.