Проблемалық ипотеканы төлеу жеңілдейді

Проблемалық ипотеканы төлеу жеңілдейді

Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлағандай, проблемалық ипотекасы бар азаматтардың негізгі қарызы азайтылып, қарызды жеңілдетілген кесте бойынша төлей алады.

Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламасы іске асып жатыр.

Банктің мәліметінше, бұл шаралар бұрын қайтарымды негізде бөлінген қаражат шеңберінде жүзеге асады.

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. «Проблемалық ипотекалық қарыз алушылармен, оның ішінде ХӘОТ-қа жататын азаматтардың санаттарымен одан әрі жұмысты Үкіметтің тапсырмасы бойынша құрылған жұмыс топтары шеңберінде әкімдіктер жеке тәртіппен жүзеге асырады. Жергілікті атқарушы билік органдарының жеке тұлғалардың кіріс деңгейін арттыру бойынша жұмысы бағдарламаға енгізілген өзгерістермен қатар, жиынтығында қарыз алушылардың ипотекалық қарыздар бойынша міндеттемелерін орындауы үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді» делінген ресми хабарламада.

Ұлттық банк қарызы бар азаматтарды қолдауға 130 миллиард теңге бөлген. Ұлттық банктің хабарламасында: «Валюталық ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру мерзімі 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылғанын атап өтеміз, қарыз алушылар валюталық ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру үшін 2020 жылғы 15 желтоқсаннан кешіктірмей кредиторбанкке өтініш беру қажет» делінген.