Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Әлеумет

Төрт түліктен де қауіп бар

«Айқын» ақпарат
Қаңтар 27, 2021
Әлеумет, Жаңалықтар, Қазақстан
қауіп
118
қаралым

Қазақстанда ғана емес, дүние­жүзі бойынша жол-көлік оқиғаларынан өлім мен жарақат алу азаймай отыр. Автокөліктердің бір-бірімен ғана емес, тасжолдардан әр­лі-берлі өтетін ірі қара мал­мен соқтығысып, жол-көлік оқи­ғасына ұшырауы  жиіледі.

Тек былтырдың өзінде мал қағу дерегі бойынша 100-ден аса оқиға тіркеліп, салдарынан 40-қа жуық адам қаза тапқан. Жалпы, жылына осындай  неше апат болатыны белгісіз. Себебі көлік пен малдың соқтығысуы сал­дары­нан  адамдар зардап шеккен­де ғана құзырлы органдарда оқиға  тіркеледі.

Тасжолда көбіне көлікке соғылатын –  жылқы мен түйе малы. Малы бар тұрғындардың айтуынша, жылқы малы жарықты көрсе, солай қарай бар жылдам­дығымен зымырайды екен. Соны­мен қатар жүргізушілердің де кінәсі бар. Айдалада жылдам­дықты асырып, жан-жағын топ­шыла­майды.

қауіп

Пневмонияға шалдыққандар саны көбейіп, бір адам қайтыс болды

Наурыз айында Қазақстан халқы қанша күн демалады?

Бір тәулікте коронавирусқа шалдыққандар саны қайтадан көбейді

Ірі қара малдың теміржолмен арғы бетке өтуі көп жағдайда қайғылы болып жататыны мал иелеріне оңай емес. Айталық,  Исатай ауданына қарасты бір­неше ауылдың малы Нарын құмының жиегіне жайылады. Ал ауылға қайтарда теміржолдан өту­ге мәжбүр. Арнайы өткел бол­мағандықтан, олар пойызға со­ғылып  өліп жатады. Ауыл тұр­ғын­дарының сөзінше, қауіп­сіз­дік­ті болдырмау үшін теміржол­дың екі бетін қоршауды қолға алды. Бірақ мал ережеге ба­ғынатын адам емес. Бірнеше ша­қырым жерден аңқасы кеуіп келе жатқан жылқы суға қарай ағылғанда анау-мынау қоршауды қарамайды. Бұзып өтеді. Жарақат алады. Пойыз астына түседі.

«Тұрғындарға малыңды қолға ұста, бағыңдар» дегенімен, жа­йылым жерлердің топыраққа ай­нал­ғаны малшыларды да, азын-ауық малмен күн көріп отыр­ған тұрғындарды да алаң­датып отыр.

Сондықтан бүгінде ірі қара малы барларға  жарық шағылыс­тырғыш ленталар таратылып берілуде.

Исатай ауданына қарасты бірнеше ауылдың малы Нарын құмының жиегіне жайылады. Ал ауылға қай­тарда теміржолдан өту­ге мәжбүр. Арнайы өткел бол­мағандықтан, олар пойызға со­ғылып өліп жатады. Ауыл тұр­ғын­дарының сөзінше, қауіп­сіз­дік­ті болдырмау үшін теміржол­дың екі бетін қоршауды қолға алды.

Атырау облысында бұл іс-шара өткен жылдан бері қолға алынды.

Биыл сол қайта жалғасын тауып, Полиция департаментімен өңірде жол қозғалысы қауіпсіз­ді­гін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шара жүргізілуде. Солар­дың бірі  – республикалық маңызы бар тасжолдарда болатын жол апаттарының алдын алу.

Талдау көрсеткендей, ірі қараның кесірінен болатын жол-көлік оқиғасына көпшілік қас қарайған шақта жиі ұшырайды. Қазір мал иелеріне жарық ша­ғылыс­тырғыш таспа-ленталар  мен спрейлер таратылуда. Көлік жүргізушісінің дер кезінде жол апатынан сақтануына  малға тағылған жарық шағылыс­тырғыштың көмегі көп.

төрт түлік

Атырау облысы Полиция де­партаментінің ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің басшысы Мейірім Ердәулеттің айтуынша, малға тағылатын жа­рық шағылыстырғыш  жабдықтар Атырау–Доссор–Құлсары–Бейнеу республикалық ма­ңыз­дағы автокөлік жолының Жылы­ой ауданы тұсындағы, авто­көлік жолына жақын ор­наласқан және жолға шығу қаупі бар деген 4 шаруа қожалығы иелеріне  табыс етілген.

Айтарлығы, 2019 жылы тас­жолдарда малдың қатысуымен 3 оқиға болып, 4 адам қайтыс болды, бір адам жарақат алған.  Өткен жылы да көлік пен ірі қара малдың соғылуынан жарақат алған оқиға көбейіпті. Мұның алдын алудың жолы – жүргізуші де, шаруа да бейқамдық танытпау керек.

Tyrsin

 

 

 

Тұрсын ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ,
Атырау облысы

 
Тегтер: автокөлікжарақат алужол-көлік оқиғаларыҚазақстанқауіптасжолтөрт түлік
Алдыңғы жаңалық

Сәрсембаев жаңа қызметке тағайындалды

Келесі жаңалық

Қартайғанда далада қалған әже полицейдің үйін паналап жүр

Ұқсас жаңалықтар

Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын мерекелеу басталды
Жаңалықтар

Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын мерекелеу басталды

Ақпан 26, 2021
адам
Жаңалықтар

Адамды өлтіріп, басын кесіп алған ер адам ұсталды

Ақпан 26, 2021
Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді
Жаңалықтар

Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді

Ақпан 26, 2021
Мәди Манатбек
Жаңалықтар

Белгілі журналист Мәди Манатбек жаңа қызметке тағайындалды

Ақпан 26, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын мерекелеу басталды

Ақпан 26, 20:55

Адамды өлтіріп, басын кесіп алған ер адам ұсталды

Ақпан 26, 20:24

Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді

Ақпан 26, 20:04

Белгілі журналист Мәди Манатбек жаңа қызметке тағайындалды

Ақпан 26, 19:41

Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанға құттықтау жеделхатын жолдады

Ақпан 26, 19:33

Соттардың Конституциялық кеңеске өтініш беруі мәселелері талқыланды

Ақпан 26, 19:16

Елбасы Режеп Тайип Ердоғанды туған күнімен құттықтады

Ақпан 26, 19:06
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын мерекелеу басталды

Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын мерекелеу басталды

Ақпан 26, 2021
адам

Адамды өлтіріп, басын кесіп алған ер адам ұсталды

Ақпан 26, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»