Нұрсұлтан Назарбаев Бас прокурорды қабылдады
Нұрсұлтан Назарбаев Бас прокурорды қабылдады

Нұрсұлтан Назарбаев Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады, — деп хабарлайды elbasy.kz.

Бас прокурор Елбасына 2019 жылғы жұмыстың негізгі қорытындылары мен алдағы кезеңге жоспарланған басты мақсаттары туралы мәлімет берді. Сонымен бірге, Қазақстанның Тұңғыш Президентіне азаматтардың әлеуметтік-экономикалық саладағы құқықтарын қорғау бойынша атқарылып жатқан шаралар жайлы ақпарат ұсынылды.